Сараптамалық жұмыс және инженерлік қызметтер
Жобаларды консультациялық және сараптамалық сүйемелдеу
Жобаның негізгі бөлімдерін бейімдеу және жобалаудың барлық кезеңдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкестігіне кеңестер беру.
Халықаралық нормаларды немесе әлемнің жетекші елдерінің нормаларын қолдану мүмкіндіктерін салыстырмалы талдау және Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттарында белгіленген шарттарға сәйкес ұсыныстар әзірлеу.
Әзірленген жобаның негізгі тарауларын сараптамалық қарау, Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкестігі бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Халықаралық нормалардың талаптарын, әлемнің жетекші елдерінің нормаларын және Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттарын ескере отырып, шетелдік жобалау компаниялары әзірлеген жобаларға арнайы техникалық шарттарды әзірлеу.